Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

07.04.2026 | 21

Ел аумағындағы мектептерде «Мен таңдаған жол» атты жалпы республикалық ашық сабақ өтті

Ел аумағындағы мектептерде «Мен таңдаған жол» атты жалпы республикалық ашық сабақ өтті

Бүгін еліміздің барлық мектептерінде Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Мен таңдаған жол» атты жалпы республикалық ашық сабағы өтті. Іс-шараны «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Оқу-ағарту министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлесе ұйымдастырды.

Бастаманың мақсаты - білім алушылар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтына жауапкершілікпен қарауды дамыту және аурулардың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын күшейту.

Астана қаласындағы №103 Келешек мектебінде оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңызы, тұрақты дене белсенділігі мен сапалы ұйқының қажеттілігі туралы айтылып, гаджеттерді шамадан тыс пайдалануды шектеудің маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар энергетикалық сусындардың денсаулыққа зияны жөнінде ескертілді.

Айта кету керек, 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап елімізде білім алушылардың тамақтану сапасын арттыруға және балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған мектептегі тамақтанудың жаңартылған стандарттары енгізілді. Бүгінгі бастаманы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин де қолдап, оқушыларды спортпен жүйелі айналысуға және белсенді өмір салтын ұстануға шақырды.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки