Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

13.04.2026 | 31

Шымкентте 10-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада қорытындыланды

Шымкентте 10-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада қорытындыланды

Шымкент қаласында 10-11 (12) сынып оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер салтанатты түрде марапатталды.

Білім бәсекесі орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті және құқық негіздері пәндерін қамтыды. Қатысушылар тапсырмаларды орындау барысында әдеби талдау, сыни ойлау, шығармашылық және коммуникациялық дағдыларын дамытты. Сонымен қатар, құқықтық білімдерін жетілдіріп, заңдардың қоғамдағы рөлін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.

Зияткерлік дода қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдармен марапатталды. Атап айтқанда, 23 оқушы І орын, 37 оқушы ІІ орын, 60 оқушы ІІІ орын иегері атанды.

Айта кетейік, биыл жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі еліміздің алты өңірінде өтуде. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 720 оқушы бақ сынауда. Зияткерлік сайыс эстафетасын 17-21 сәуір аралығында Петропавл қаласы шетел тілдері пәндері бойынша жалғастырады.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки