Білім жаңалықтары
16.04.2026 | 37
Қазақстандық колледж халықаралық деңгейде серіктестік орнатты

Қазақстандық колледж халықаралық деңгейде серіктестік орнатты
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі мен Италияның беделді оқу орындарының бірі - Afol Metropolitana College арасында стратегиялық әріптестік орнады. Милан қаласында қол қойылған меморандум білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, халықаралық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтермек.
Екі оқу орны арасындағы келісім білім беру тәжірибесімен алмасуды кеңейтіп қана қоймай, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, студенттер мен оқытушылардың кәсіби дамуын қолдауға бағытталған. Бұл серіктестік заманауи талаптарға сай білікті мамандар даярлауға серпін береді.
Меморандум аясында академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамыту, озық білім беру әдістерін енгізу және халықаралық байланыстарды нығайту көзделіп отыр. Аталған бастама студенттердің жаһандық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
-
-
13.04.2026 | 127
Педагогтерді аттестациялаудың жаңа моделін әзірлеу бойынша

