Білім жаңалықтары
17.04.2026 | 19
Қазақстандық оқушылар химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасына қатысуда

Қазақстандық оқушылар химиядан халықаралық Менделеев олимпиадасына қатысуда
Биыл химия пәнінен 60-шы халықаралық Менделеев олимпиадасы Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында өтіп жатыр. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті базасына әлемнің 35-тен астам елінен 200-ге жуық үздік жас химик жиналуда. Қатысушылар қатарында Қазақстан, Қытай, Вьетнам, Өзбекстан, Израиль, Армения, Түркия, Куба, Моңғолия, Бразилия, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Чад Республикасы, Египет, Таиланд, Коста-Рика, Иордания, Әзербайжан, Солтүстік Македония және басқа да елдердің олимпиадалық құрамалары бар.
Қазақстандық команда құрамында 10 оқушы және 2 жетекші бар:
Жеңісханова Айзере – Өскемен қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
Жақсылықов Ансар – Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;
Полетаев Данил – Алматы қаласындағы №134 лицейдің 11-сынып оқушысы;
Қалдыбай Меңдіғали – Астана қаласындағы Spectrum International School мектебінің 11-сынып оқушысы;
Қали Әбілмансұр – Астана-Нұра физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
Теңізбаев Арен – Сейілбек Шаухаманов атындағы №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
Айтжанов Алидар – Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы;
Сейітқазиев Нұрсейт – Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
Ибраимов Әбдіжан – Астана қаласындағы халықаралық NURORDA мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
Махмутов Мансур – Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы.
Бахытжан Елдана – ғылыми жетекші, PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы;
Сәрсенбай Айдос – құрама жетекшісі, Қазақ-неміс тұрақты инженерия институтының 2-курс студенті.
-
-
17.04.2026 | 28
Қазақстанды көруді армандаған жас зерттеуші - Алинда Ташатар

