Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

17.04.2026 | 21

Петропавл қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды

Петропавл қаласында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды

Петропавл қаласында жалпы білім беретін пәндерден 10-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша қорытынды кезең басталды. Олимпиада 2026 жылғы 17-21 сәуір аралығында Петропавл қаласындағы М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж базасында өткізіледі.

Білім додасы ағылшын, неміс және француз тілдері бойынша ұйымдастырылуда. Дарынды оқушыларды анықтау және олардың ғылыми-танымдық әлеуетін дамытуға бағытталған зияткерлік сайыста еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 164 оқушы бақ сынайды. Атап айтқанда, ағылшын тілінен - 91, неміс тілінен - 47, француз тілінен - 26 оқушы қатысуда.

Олимпиада барысында қатысушылар тыңдалым, оқылым, жазылым және сөйлеу дағдылары бойынша өз білімдерін көрсетіп, тілдік құзыреттіліктерін дәлелдейді.

Қатысушылар үшін тарихи-мәдени орындарға экскурсиялар мен психологиялық тренингтер ұйымдастырылады. Бағдарлама оқушылардың білімін тереңдетумен қатар, олардың тұлғалық дамуына, шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге және жаңа тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді.

Айта кетейік, биыл жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі еліміздің алты өңірінде өткізілуде. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша барлығы 720 оқушы үш қалада бақ сынауда. Тараз және Шымкент қалаларында өткен кезеңдерде білім сайысына 539 оқушы қатысып, олардың 141-і жүлделі орындарға ие болды.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки