Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

21.04.2026 | 17

Білім беру ұйымдарының кітапханалары заманауи цифрлық шешімдерге көшуде

Білім беру ұйымдарының кітапханалары заманауи цифрлық шешімдерге көшуде

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы білім беру ұйымдарының кітапханалық қызметін жаңғырту, оқырман мәдениетін дамыту және ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту мақсатында бірқатар заманауи ақпараттық жүйелерді әзірлеп, қолданысқа енгізуде.

Бұл цифрлық платформалар кітапхана қорын тиімді басқаруға, оқырмандарға сапалы қызмет көрсетуге, электронды ресурстарды кеңінен пайдалануға және білім беру үдерісін қолдауға бағытталған. Сонымен қатар, жүйелер білім алушылардың оқу белсенділігін арттыруға, талдау мен мониторинг жүргізуге, кітап оқуды насихаттаудың жаңа форматтарын дамытуға мүмкіндік береді.

Аталған ақпараттық шешімдер білім беру ұйымдары кітапханаларының жұмысын біріздендіріп, цифрлық трансформация талаптарына сәйкес заманауи қызмет көрсету моделін қалыптастыруға ықпал етеді.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки