23.04.2026 | 22
Білім жаңалықтары
23.04.2026 | 43
Ақтауда цифралық технологияларды кітапхана жұмысына тиімді пайдалану мүмкіндіктері таныстырылды

Ақтауда цифралық технологияларды кітапхана жұмысына тиімді пайдалану мүмкіндіктері таныстырылды
Ұлттық кітап күніне орай «Кітапхана трансформациясы: тәжірибе, тренд, тәсіл» тақырыбында Маңғыстау облысында ауқымды оқыту-семинары ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты - кітап оқу мәдениетін насихаттау, жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, олардың ой-өрісін кеңейтіп, рухани дамуына қолдау көрсету.
Семинарда кітаптың ұлттық құндылық ретіндегі маңызы, оқырман мәдениетін дамыту және білім беру кеңістігіндегі мектеп кітапханаларының рөлін арттыру бағытындағы жұмыстардың өзектілігі атап өтілді.
Іс-шара пленарлық және практикалық бөлімдерден тұрды. Пленарлық бөлімде кітапхана саласындағы заманауи бағыттар, оқырманмен жұмыстың жаңа тәсілдері мен тәжірибелері талқыланды.
Практикалық бөлім «Шеберлік. Шығармашылық. Жаңашылдық» бағыты бойынша ұйымдастырылып, қатысушыларға кітап оқуды насихаттаудың заманауи әдістері ұсынылды. Атап айтқанда, «Кітап әлемінде – квест күні» форматындағы интеллектуалдық ойындар мен сұрақ-жауап алаңдары өткізілді.
Сонымен қатар «Жасанды интеллект пен кітапхана: білімнің жаңа көпірі» тақырыбында тәжірибе алаңы таныстырылып, цифрлық мүмкіндіктерді кітапхана жұмысында тиімді қолдану жолдары көрсетілді. Семинар қорытындысында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
-
-
22.04.2026 | 50
Оқушылардың ХІІІ жазғы гимназияда басталды
-
22.04.2026 | 58
КҮН САНЫ 7403
-
21.04.2026 | 93
Бақытты отбасының құпиясы - кітап

