23.04.2026 | 22
Білім жаңалықтары
23.04.2026 | 21
«Кітап - білім бұлағы» байқауы өтті

«Кітап - білім бұлағы» байқауы өтті
Бүгін Алматы қаласындағы «Принтмедиа технологиялар колледжінде» техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған «Кітап - білім бұлағы» атты байқау өтті. Іс-шара Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапты білімнің маңызды қайнар көзі ретінде насихаттау, олардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ ұлттық әдеби мұраны кеңінен дәріптеу.
Байқау барысында қатысушылар көркем сөз оқу, шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы өз қабілеттерін танытып, қазақ әдебиетінің бай мұрасын жаңа қырынан насихаттауға мүмкіндік алды. Іс-шара жастардың оқу мәдениетін қалыптастыруға, рухани құндылықтарға құрметін арттыруға және шығармашылық белсенділігін қолдауға бағытталды.
Байқау 2026 жылы мерейтойлары аталып өтетін қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті тұлғаларының шығармашылығына арналды. Атап айтқанда, Ыбырай Алтынсарин, Жамбыл Жабаев, Мұқағали Мақатаев, Қабдеш Жұмаділов және Сайын Мұратбеков шығармалары кеңінен насихатталды.
-
-
22.04.2026 | 50
Оқушылардың ХІІІ жазғы гимназияда басталды
-
22.04.2026 | 58
КҮН САНЫ 7403
-
21.04.2026 | 93
Бақытты отбасының құпиясы - кітап

