Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

25.04.2026 | 9

Оқу-ағарту министрлігінің ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді атсалысты

Оқу-ағарту министрлігінің ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді атсалысты

Астанада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік өтті. Тазалық шарасына ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова бастаған министрлік ұжымы белсенді қатысып, елорда көшелерін тазартуға үлес қосты.

Бүгін елордада «Таза Қазақстан» экологиялық айлығы аясында қаланы санитарлық тазарту және көгалдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Шара барысында министрлік қызметкерлері мен ведомствоға қарасты мекемелердің ұжымдары белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарына жұмылдырылды.

Бастама қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Маңызды экологиялық акцияға қатысқан сала министрі Жұлдыз Сүлейменова қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ ол тазалықты сақтау - әрбір азаматтың парызы екеніне екпін салды.

Шараның басты мақсаты- қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, елорда тазалығына ұжымдық үлес қосу мәдениетін нығайту. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки