Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

28.04.2026 | 15

Қанипа Бітібаева атындағы олимпиада басталды

Қанипа Бітібаева атындағы олимпиада басталды

2026 жылғы 27-30 сәуір аралығында Өскемен қаласында дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты базасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен дәстүрлі республикалық олимпиада өтіп жатыр.

Олимпиадаға республиканың білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасынан өңірлік іріктеу кезеңінен өткен 220 оқушы қатысуда. Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білімдерін тереңдету және жетілдіру, ұлттық мәдениет пен дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ олардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Республикалық кезең екі айналымнан тұрады. Оның бірінде оқушылар эссе жазса, екінші айналымда сынақты ауызша тапсырады. Қатысушылар қазақ тілі мен әдебиеті шығармалары, Қ.О. Бітібаеваның өмірбаяны, ғылыми-педагогикалық мұрасы және публицистикалық еңбектері бойынша білімдерін сарапқа салады. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки