Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

28.04.2026 | 15

ПРЕСС-АНОНС

ПРЕСС-АНОНС

2026 жылғы 29 сәуір күні сағат 12:00-де «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында еліміздің барлық өңірінде бір мезгілде «Түлектердің ағаш егу» эко-челленджі өтеді.

Аталған бастама «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып, елімізде заманауи экологиялық күн тәртібін қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі ретінде қарастырылады.

Акцияның мақсаты - түлектерді қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тарту, экологиялық мәдениетті дамыту және табиғатқа жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.

Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарында «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы» жарияланып, оның аясында «Халықаралық балалар кітабы күні», «Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні», «Ұлттық кітап күні» және басқа да бірқатар республикалық акциялар ұйымдастырылды. Бұл бастама өскелең ұрпақты кітап оқуға, қайырымды істерге баулуға, сондай-ақ қоршаған ортаға деген қамқорлық пен экологиялық мәдениеттілік қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы аясында мектеп аумақтары мен қоғамдық кеңістіктерде (саябақтар, скверлер) тазалық жұмыстарын жүргізу қолға алынуда.

Экологиялық бастамаға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі Ж.С.Шарабасов, сондай-ақ 100 мыңнан астам 9 және 11 сыныптарының оқушылары қатысады.

Челлендж аясында еліміздің барлық өңірлеріндегі мектеп түлектері білім беру ұйымдарының аумақтарында, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерде ағаш отырғызып, елді мекендерді көгалдандыруға және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға өз үлестерін қосады.

Қосымша ақпарат үшін: ҚР ОМ баспасөз қызметі +77071597020

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки