Білім жаңалықтары
04.05.2026 | 23
Қазақстан құрамасы Хьюстонда өткен робототехникадан әлем чемпионатында 12 марапатқа ие болды
Қазақстан құрамасы Хьюстонда өткен робототехникадан әлем чемпионатында 12 марапатқа ие болды
Қазақстанның робототехника құрамасы FIRST әлем чемпионатында табысты өнер көрсетіп, 12 марапат жеңіп алып, оқушылардың жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді.
Жарыстар George R. Brown Convention Center алаңында өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен 50 000-нан астам қатысушыны біріктірді. Қазақстан атынан рекордтық 225 оқушыдан құралған делегация қатысты.
Төрт күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық командалар барлық санаттарда жоғары нәтижелер көрсетті.
Кіші санат FIRST LEGO League Explore аясында Алматы қаласынан «Alem Innovators» командасы Core Values Award номинациясында жеңіске жетті, ал Haileybury Astana мектебінің DeepSeekers командасы Team Model Award марапатына ие болды.
Орта санат FIRST LEGO League Challenge бойынша Түркістан облысынан Tolebi Daryn командасы әлемнің топ 5 қатарына еніп, Champions Award финалисті атанды. Алматы қаласының Fiztex командасы Core Values Gracious Professionalism Award номинациясында жеңіске жетті. Орал қаласындағы Зияткерлік мектебінің Tidal Tumble командасы робот ойында 545 ұпайдың 535-ін жинап, үздік нәтижелердің бірін көрсетті.
Жоғары санат FIRST Tech Challenge бойынша Қарағанды қаласының JelToqSun командасы Sustainability Award номинациясында алтын иеленді. Шымкент қаласындағы Зияткерлік мектебінің Overtime, Астана қаласындағы Республикалық физика математика мектебінің Fizmat Robotics және Алматыдағы Polytech мектебінің KAP командалары Reach Award бойынша алтын алды. Алматыдағы Polytech мектебінің TGJ, Зияткерлік мектебі Алматы Медеу филиалының Panheya және Алматыдағы БИЛ мектебінің SANA командалары осы номинацияда жүлдегер атанды. Астана қаласындағы Зияткерлік мектебінің XCeption командасы Think Award бойынша қола жүлде иеленді.
БИЛ Щучинск қаласынан Celestial және Panheya командалары алғаш рет Қазақстан атынан топ 8 қатарына еніп, плей офф кезеңінде альянс капитандары атанды. Haileybury Astana мектебінің Nomadic Dragons командасы ширек финалға шығып, өз дивизионында топ 4 альянс қатарына енген жалғыз қазақстандық команда болды.
Қазақстан құрамасының жетістіктері жүйелі дайындық пен Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрлігі, USTEM Foundation және «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының қолдауының нәтижесі. 2020 жылдан бастап Қазақстан FIRST халықаралық қозғалысында өз позициясын нығайтып келеді.
-
-
01.05.2026 | 108
Тәлім мен татулық мектебі
-
01.05.2026 | 108
Ақтауда «Мектебім - достық картасы» фестивалі өтті
-
30.04.2026 | 156
Елордада «ProEco» конкурсының жеңімпаздары марапатталды
-
30.04.2026 | 140
Оқушылар арасында білім мониторингі өткізіледі
-
29.04.2026 | 140
Астанада жас педагогтердің ІІ республикалық форумы басталды

