Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

06.05.2026 | 27

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қоғамдық қабылдау өткізді

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қоғамдық қабылдау өткізді

Қабылдау барысында орта білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық бағыттарымен бірге, мұғалім мәртебесі, сондай-ақ жекелеген азаматтардың өтініштері қамтылған кең ауқымды мәселелер қаралды.

Сонымен бірге, өңірлерден келген педагогтер біліктілік санаттары, аттестаттау талаптары және еңбекақы мөлшеріне қатысты сауалдары мен ұсыныстарын айтты.

Барлық өтініштер бойынша азаматтарға қолданыстағы заңнама шеңберінде толыққанды түсініктемелер берілді. Қосымша зерделеу мен пысықтауды қажет ететін мәселелер министрдің жеке бақылауына алынды.

Қабылдау барысында Жұлдыз Сүлейменова ведомствоның салалық комитеттері мен құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, министр азаматтарды офлайн және онлайн форматта қабылдайды. Қоғамдық қабылдау Астана қаласындағы Мәңгілік Ел даңғылы, 8 мекенжайында орналасқан Министрліктер үйінің 16-кіреберісінде, азаматтарды қабылдаудың мамандандырылған орталығында тұрақты негізде өткізіледі.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки