Білім жаңалықтары
26.05.2026 | 37
Қазақстанда балалардың жазғы демалысы кезінде жедел көмек пен кері байланыс тетіктері күшейтіледі

Қазақстанда балалардың жазғы демалысы кезінде жедел көмек пен кері байланыс тетіктері күшейтіледі
Жазғы маусымды сапалы ұйымдастыру мақсатында демалыс орталықтарында жұмыс істеу үшін педагогтар мен еріктілерді жұмылдырады, сондай-ақ оқушыларға жедел көмек көрсету үшін кері байланыс арналарын іске қосады. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова баяндады.
Оның айтуынша Жазғы демалысты ұйымдастыру жұмыстарына 120 мың педагог-ұйымдастырушы, сондай-ақ 12 мыңнан астам студент пен еріктілер жіберіледі. Олардың біліктілігін арттыру үшін «Балдәурен» және «Бөбек» орталықтарының базасында арнайы оқыту курстары мен семинарлар ұйымдастырылды. Барлық білім беру ұйымдарында балалардың тікелей көмек сұрауына арналған QR-кодтар орналастырылған. Сонымен қатар білім басқармаларының жанынан құрылған колл-орталықтар жазғы демалысқа қатысты азаматтардың өтініштері мен сұрақтарын тәулік бойы қарайды.
«Демалыс орталықтарында жұмыс істейтін мамандардың сапалық құрамына мән берілген, әрбір қызметкердің соттылығы тексеріледі. Балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыру мақсатында кері байланыс және жедел көмек көрсету тетіктері де күшейтілді.Атап айтқанда, білім басқармаларының жанынан құрылған колл-орталықтар жазғы демалысқа қатысты азаматтардың өтініштері мен сұрақтарын қарайды. Сонымен қатар, «111» байланыс орталығы жазғы кезеңде күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады»,
— деп атап өтті министр.
-
-
26.05.2026 | 34
Қазақстанда 4 млн-ға жуық оқушы оқу жылын аяқтайды
-
25.05.2026 | 114
КҮН САНЫ
-
22.05.2026 | 188
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова қоғамдық қабылдау өткізді

