Білім жаңалықтары
08.06.2026 | 25
Министр просвещения Казахстана изучила опыт Китая по внедрению искусственного интеллекта в образовании

Министр просвещения Казахстана изучила опыт Китая по внедрению искусственного интеллекта в образовании
Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова білім беру үдерісіне жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу тәжірибесімен танысты.
Министр бастаған қазақстандық делегация құрамына Оқу-ағарту министрлігінің және ведомствоға қарасты ұйымдардың өкілдері кірді. Ханчжоу қаласында делегация бірқатар білім беру ұйымдары мен технологиялық компанияларда болып, білім беруді цифрландыру, оқытуды дараландыру және білім беру ұйымдарының цифрлық инфрақұрылымын дамыту бағытындағы заманауи тәсілдерді зерделеді.
Hangzhou Chunhui Primary School бастауыш мектебінде цифрлық білім беру платформаларын пайдалану, оқытуды қолдаудың зияткерлік құралдары және дараланған оқыту технологиялары таныстырылды. Әрбір оқушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып, білім сапасын арттыруға жағдай жасау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Hangzhou Yanglingzi School мектебінде министр арнайы және инклюзивті білім беруді ұйымдастыру тәжірибесімен танысты. Қазақстандық тарапқа ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға және қолжетімді білім беру ортасын қалыптастыруға арналған цифрлық шешімдер көрсетілді.
Сондай-ақ Жұлдыз Сүлейменова WOW English білім беру платформасында болып, қашықтан оқыту мен тілдік білім беруді цифрлық сүйемелдеу мүмкіндіктерін зерделеді.
Бағдарламаның маңызды бөлігі ретінде министр цифрлық инфрақұрылым, бұлтты технологиялар және жасанды интеллект саласындағы жетекші әзірлеушілердің бірі саналатын H3C компаниясына барды. Мұнда білім беру ұйымдарын цифрландыруға, Smart Campus жүйелерін құруға, жасанды интеллект сыныптарын енгізуге және мектептер мен колледждердің технологиялық базасын дамытуға арналған заманауи шешімдер таныстырылды.
Жұмыс сапары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді жедел цифрлық трансформациялау, жасанды интеллект технологияларын дамыту және оларды орта білім беру жүйесіне енгізу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында өтті. Қазақстандық тарап үшін оқытуды дараландыруға, оқушылардың тұрғылықты жеріне қарамастан білім сапасын арттыруға, сондай-ақ ауылдық және шағын жинақты мектептерге арналған цифрлық шешімдерді дамытуға бағытталған ЖИ құралдарын қолдану тәжірибесі ерекше қызығушылық тудырды.
Сапар барысында зерделенген тәжірибелер Қазақстанда цифрлық білім беру ортасын дамыту, педагогтер мен білім алушылардың жасанды интеллект саласындағы құзыреттерін арттыру, сондай-ақ білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын жетілдіру бойынша міндеттерді іске асыру кезінде ескерілетін болады.
-
-
04.06.2026 | 116
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

