Білім жаңалықтары
11.06.2026 | 35
Балалар үйлерінің 140 тәрбиеленушісі «Жұлдыз болғым келеді» жобасының финалына өтті

Балалар үйлерінің 140 тәрбиеленушісі «Жұлдыз болғым келеді» жобасының финалына өтті
«Жұлдыз болғым келеді» II республикалық шығармашылық жобасының финалистері анықталды. Идеясы мен тұжырымдамасының авторы блогер әрі балалар үйінің түлегі Алексей Лодочников болып табылатын жоба Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен «El Umiti» корпоративтік қорының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Жоба жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілерін қолдауға және олардың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған.
Биыл конкурс би жанры бойынша өткізіліп жатыр. Өңірлік іріктеу кезеңдерінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың 370 тәрбиеленушісі өз өнерін көрсетті. Іріктеу қорытындысы бойынша 140 үздік қатысушы финалға жолдама алды.
Финал 2026 жылғы 29–30 қазанда Астанада өтеді. Екі күн бойы қатысушылар үлкен сахнада өнер көрсетіп, жобаның басты жүлделері үшін бақ сынайды.
Конкурс жеңімпаздарына жүлде қоры қарастырылған.
2025 жылы жоба алғаш рет вокал жанры бойынша өткізілді. Сол жылы конкурсқа балалар үйлерінің 170 тәрбиеленушісі қатысып, 40 үздік қатысушы финалға өткен болатын. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен шетелге шығу мүмкіндігі берілді.
-
-
04.06.2026 | 156
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!

