Білім жаңалықтары
24.06.2026 | 29
Оқу-ағарту министрлігінде Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті

Оқу-ағарту министрлігінде Мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын өтті
Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлерін Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, тиімді, әділетті және халыққа қызмет ететін мемлекеттік аппарат қалыптастыру еліміздің басты басымдықтарының бірі екенін министр атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік қызметті одан әрі жетілдіруге бағытталған бастамаларға тоқталып, меритократия, кәсібилік және жауапкершілік қағидаттарының маңыздылығына назар аударды. Білім беру жүйесін дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан реформалар мен алдағы міндеттер туралы сөз қозғады.
Салтанатты жиын аясында қызметкерлерді мемлекеттік, ведомстволық наградалармен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің наградаларымен марапаттау рәсімі өтті.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған жас мамандар ант қабылдады.
Жиын барысында Оқу-ағарту министрлігінің қызметкерлері кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекеттік қызметтегі еңбек жолы мен білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлестері туралы айтты.
Іс-шара ашық диалогпен аяқталып, оның барысында министр қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді.
-
-
15.06.2026 | 188
Қазақстандық оқушылар Еуропалық физика олимпиадасына қатысуда

