Білім жаңалықтары
30.06.2026 | 17
Жұлдыз Сүлейменова Маңғыстаудағы №35 «Келешек мектебінің» жұмысымен танысты

Жұлдыз Сүлейменова Маңғыстаудағы №35 «Келешек мектебінің» жұмысымен танысты
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өткен жылы пайдалануға берілген №35 «Келешек мектебі» жалпы білім беретін мектебіне барды.
Министр жаңа форматтағы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасымен танысып, заманауи пәндік кабинеттерді, STEM-зертханаларды, инклюзивті білім беру кабинеттерін, спорт инфрақұрылымын және оқушылардың сапалы білім алуына жасалған жағдайларды аралап көрді.
Министр сондай-ақ педагогтермен білім беру сапасын арттыру, заманауи білім беру ортасын дамыту және оқушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылады.
Мектепте Жұлдыз Сүлейменова Ақтау қаласының олимпиада жеңімпаздары және дарынды жастарымен де кездесті. Кездесу барысында министр оқушылардың жетістіктеріне жоғары баға беріп, білімге ұмтылу мен ғылымға қызығушылықтың маңызын атап өтті.
Сапар қорытындысы бойынша министр өңірде іске асырылып жатқан білім беру жобаларының нәтижелерімен танысып, бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.

