Білім жаңалықтары
19.01.2023 | 857
180 ЕЛДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫН БІЛЕТІН 6 ЖАСАР ОҚУШЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВПЕН КЕЗДЕСТІ

180 ЕЛДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫН БІЛЕТІН 6 ЖАСАР ОҚУШЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВПЕН КЕЗДЕСТІ
Әлемнің 180 елінің мемлекеттік туын жатқа білетін Астана қаласындағы мектептердің бірінің оқушысы 6 жасар Ерген Дүйсенбек Оқу-ағарту министрлігінде болып, еліміздің бас ұстазы Ғани Бейсембаевпен кездесті. Кездесуге Ерген өзінің тулар жинағын әкеліп, білімділігін көрсетті. Сондай-ақ, ол осы елдердің барлығына баруды армандайтынын айтты.
«Мен әлемнің барлық мемлекетінің туын білемін, бірақ соның ішіндегі ең әдемісі – біздің елдің Туы. Мен есейгенде атақты адам болып, көк байрағымызды бүкіл әлемге танытып, көкке көтергім келеді», – деді 6 жасар Ерген Дүйсенбек.
Ергеннің анасының айтуынша, баланың туларға деген қызығушылығы 2-3 жасында пайда болған. Дәл осы сәттен бастап Ерген әлем елдерінің туларын жинай бастаған. Енді балақай елтаңбаларға қызығушылық танытып, туған күніне ата-анасынан оған Қазақстанның Елтаңбасын сыйлауды өтінген.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бірінші сынып оқушысы Ерген Дүйсенбекпен әңгімелесіп, оған грамота мен естелік сыйлықтар табыс етті. Министр Ергеннің ата-анасына ақылды және тәрбиелі ұрпақ тәрбиелегендері үшін алғыс айтты.
«Баланы тәрбиелеуге, оның қабілеттерін қолдауға және дамытуға көңіл бөлу өте маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлік талантты балаларды қолдауға және олардың одан әрі дамуына жағдай жасауға жан-жақты жұмыс атқарып жатыр. Ергенге зор денсаулық пен оқуда табыс тілеймін», – деді Оқу-ағарту Министрі Ғани Бейсембаев.
-
-
14.03.2026 | 50
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп
-
13.03.2026 | 94
Абай ұлттық мектебі оқушылар қабылдауды бастады
-
12.03.2026 | 137
Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады
-
12.03.2026 | 109
Колледж студенттері тәжірибеден өтіп, өз өндірісін ашты
-
10.03.2026 | 150
Грузиядан 7 жастағы Қазақстан азаматы елге қайтарылды

