Білім жаңалықтары
22.01.2023 | 941
Оқу-ағарту министрлігінің осы аптадағы басты жаңалықтарына қысқаша шолу

Оқу-ағарту министрлігінің осы аптадағы басты жаңалықтарына қысқаша шолу
✅ Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің барлық облысының білім басқармалары басшыларымен кеңес өткізді. Министр атқарылған жұмыс туралы ақпаратты тыңдап, бірқатар басым міндеттерді белгіледі.
✅ 180 елдің мемлекеттік туын білетін 6 жасар оқушы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесті. Ерген Дүйсенбек өзінің тулар жинағын әкеліп, білімділігін көрсетті. Сондай-ақ, ол осы елдердің барлығына баруды армандайтынын айтты.
✅ Оқу-ағарту министрі облыстық әдістемелік орталықтар басшыларымен кездесті. Қазақстанда 3 мыңға жуық әдіскер бар. Олардың көпшілігі 2022 жылы академияның білім беру саласындағы өзекті мәселелерін талқылау және оларды шешу жолдарын әзірлеу бойынша 50-ден астам іс-шарасына қатысты.
✅ Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова «Oqu-agartu LIVE» айдарында педагогтердің құқығын қорғау бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады. Өткен жылы мұғалімдердің құқықтарын бұзу көрсеткіші үш есе азайды.
-
-
30.12.2025 | 164
Қазақстандық колледж халықаралық аккредиттеуден өтті
-
29.12.2025 | 136
Оқу-ағарту министрі азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдады
-
26.12.2025 | 169
2025 жылы республикалық кадр резервіне 403 жаңа басқарушы енді

