23.03.2026 | 52
Білім жаңалықтары
24.03.2023 | 1029
150 ОҚУШЫ ГОЛБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «СЫЛДЫРМАЛЫ ДОП» ЖАРЫСЫНА ҚАТЫСАДЫ

150 ОҚУШЫ ГОЛБОЛДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «СЫЛДЫРМАЛЫ ДОП» ЖАРЫСЫНА ҚАТЫСАДЫ
Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығының хабарлауынша, 25-31 наурыз аралығында ерекше қажеттіліктері бар балалар арасында голболдан «Сылдырмалы доп» республикалық жарыс өтеді.
Бұған дейін голболдан мектепішілік іріктеу турлары өткен болатын. Нәтижесінде республикалық жарысқа тоғыз өңірден 150 оқушы іріктелді. Айта кетейік, финалдық ойын әр жас санаты бойынша жеке өтеді. Барлық ойындар IBSA халықаралық голбол ережелеріне сәйкес өткізіледі.
«Республикалық жарыс спортты насихаттау және дамыту, мектеп жасындағы балаларды голбол сабақтарына тарту, сондай-ақ, голболдан ұлттық құраманың резервін қалытастыру үшін талантты ойыншыларды анықтауды көздейді»,– дейді Спорттық іс-шаралар, статистика және аналитика бөлімінің басшысы Мира Мухамадиева.
Спорттық жарыс жеті күн бойы өтеді, «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» номинациялары бойынша мықтылар анықталады. Жүлделі орындарға ие болған команда мен жаттықтырушылар кубок, диплом және медальдармен марапатталады.
-
-
23.03.2026 | 46
Ауыл оқушылары - табиғаттың жанашырлары
-
23.03.2026 | 48
Ұлытау облысының мектептерінде 400-ге жуық экобокс орнатылды
-
22.03.2026 | 50
Маңғыстауда «ақылды киіз үй» таныстырылды
-
22.03.2026 | 64
«Ханталапай» сайысына 350 мыңнан астам бала қатысты
-
21.03.2026 | 88
Павлодар облысының 20 мың оқушысы «Қара жорға» биледі

