Білім жаңалықтары
24.03.2023 | 1023
ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕРІ ӨЗ ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСЕДІ

ЕЛІМІЗДІҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕРІ ӨЗ ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСЕДІ
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Үздіктен үйрен» жобасын қолға алды. Негізгі мақсат «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздарының озық педагогикалық тәжірибесін көпке таныту.
Жоба аясында «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздары өздерінің педагогикалық тәжірибесі, сабақ өткізу әдісі, оқыту нысандары, құралдарымен бөліседі. Жас мұғалімдер мен «Үздік педагог» конкурсына қатысушыларға арналған бейне дәрістер, тәлімгерлік мектебі және әдістемелік сүйемелдеу жұмыстары ұсынылды.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаеваның айтуынша, жобаны іске асыру жас педагогтердің кәсіби қызметін қолдауға, сондай-ақ тәжірибелі мұғалімдердің біліктілігін арттыруға ықпал етеді. Барлық материалдарды #uzdiktenuiren хэштегі арқылы көруге болады.
-
-
05.01.2026 | 60
Алматыда Роботтар фестивалі басталды
-
30.12.2025 | 196
Қазақстандық колледж халықаралық аккредиттеуден өтті
-
29.12.2025 | 162
Оқу-ағарту министрі азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдады
-
26.12.2025 | 192
2025 жылы республикалық кадр резервіне 403 жаңа басқарушы енді

