Білім жаңалықтары
09.06.2023 | 789
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ СҰРАНЫСҚА ИЕ ТОП - 10 БАҒЫТЫ

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ СҰРАНЫСҚА ИЕ ТОП - 10 БАҒЫТЫ
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті ең сұранысқа ие бағыттардың рейтингін жасады. Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 130 мыңнан астам талапкерді қабылдау жоспарлануда, оның ішінде кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың студент.
Қазіргі уақытта еңбек нарығында келесі бағыттар сұранысқа ие:
- ақпараттық технологиялар;
- құрылыс және коммуналдық шаруашылық;
- геология;
- тау-кен өнеркәсібі;
- энергетика;
- металлургия және машина жасау;
- көлік;
- байланыс;
- педагогика;
- медицина және т.б.
Еліміздің колледждерінде барлығы 517 мың студент оқиды, оның ішінде 312 мыңы тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтылған. Биыл мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға артады. Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап колледж студенттерінің стипендиясы 50% - ға көбейеді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын студенттер әлеуметтік қолдаумен қамтылады. Ол стипендия, тамақ және жолақысы.
-
-
11.09.2026 | 32
Жұлдыз Сүлейменова оқушылардың белсенді өкілдерімен кездесті
-
09.09.2026 | 76
Қазақстандық оқушылардың PISA-2025 нәтижелері
-
08.09.2026 | 110
Қазақстанда 20 жаңа мамандық ТжКБ сыныптауышына қосылды
-
08.09.2026 | 102
Астанада «Өрлеу» БАҰО-ның жаңа филиалы ашылды
-
07.09.2026 | 139
Жаңа оқу жылы: Оқу-ағарту министрлігінде салтанатты іс-шара өтті

