Білім жаңалықтары
23.02.2024 | 437
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ МЕН ТЖМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН КҮШ БІРІКТІРДІ
ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ МЕН ТЖМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН КҮШ БІРІКТІРДІ
ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі арасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
«Басты мақсат – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз балаларымыздың, студенттер мен мұғалімдердің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін барлық ведомстволардың күш-жігерін біріктіруді көздеп отырмыз. Осы ынтымақтастықтың арқасында білім беру ұйымдары төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуде қосымша білім мен дағдыға ие болады», - деді Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан.
Сондай-ақ ведомстволар білім беру қызметкерлерін қауіпсіздік техникасына оқыту және оны тарату бойынша және білім беру ұйымдарының жеке құрамының әртүрлі төтенше жағдайларға дайындығын арттыру мақсатында оқыту іс-шаралары мен жаттығуларын бірлесіп өткізетінін атап өткен жөн.
-
-
07.05.2025 | 105
КҮН САНЫ