Білім жаңалықтары
10.04.2024 | 747
Колледж студенттері Германияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады

Колледж студенттері Германияда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алады
Еліміздегі колледж студенттері үшін алмасу бағдарламасы бойынша Германияда білім алуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы «Болашақ үшін кәсіби кадрларды дамыту және даярлау» Қазақстан-Германия форумы шеңберінде ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің «Talap» КЕАҚ пен «Fav service gGmbH» неміс компаниясы келісімге келді.
Тараптар Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Қазақстандық студенттерге Германияның 60 мың өндірістік кәсіпорнының кез келгенінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін дуальды білім беру бағдарламасына ерекше назар аударылатын болады.
«Қазіргі уақытта Тюрингия қаласындағы колледждермен ынтымақтастық мәселесі пысықталуда. Олардың білім беру моделін зерделеп, академиялық мобильділігімізді пайдаланғаннан кейін, алмасу бағдарламасына мектеп түлектері, колледж студенттері қатыса алады», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Бағдарламаға жеке меншік колледждердің студенттері де қатыса алады. Сондай-ақ колледж педагогтері үшін оқыту семинарларын өткізу жоспарлануда.
-
-
11.09.2026 | 58
Жұлдыз Сүлейменова оқушылардың белсенді өкілдерімен кездесті
-
09.09.2026 | 90
Қазақстандық оқушылардың PISA-2025 нәтижелері
-
08.09.2026 | 120
Қазақстанда 20 жаңа мамандық ТжКБ сыныптауышына қосылды
-
08.09.2026 | 114
Астанада «Өрлеу» БАҰО-ның жаңа филиалы ашылды
-
07.09.2026 | 147
Жаңа оқу жылы: Оқу-ағарту министрлігінде салтанатты іс-шара өтті

