Білім жаңалықтары
10.06.2024 | 711
«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауы басталды

«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауы басталды
10-11 маусым аралығында Алматы қаласында «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауы өтуде. Оған еліміздің барлық өңірлерінен 160 биші қатысуда. Фестивальдің аймақтық кезеңдеріне 70 мыңға жуық биші қатысқан болатын, жас таланттардың қызығушылығының артуы бұл шараның ауқымдылығы мен маңыздылығын көрсетеді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың бойында хореографиялық, шығармашылық қабілеттерді дамыту, талантты тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі де мақсатты жұмыс жүргізу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға баулу.
Қатысушылар жаңа би стильдерін көрсете отырып, «Халық биі және халықтық стильдегі би», «Заманауи би» номинациялары бойынша жаңа би стильдерін ұсынады.
«Мұндай фестивальдерді өткізу әр қатысушының шығармашылық және жеке қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Хореографиялық өнер - ғасырлар бойғы даму тарихы бар халық шығармашылығының ең бай қазынасы. Фестиваль-конкурс хореографиялық ұжымның әрбір қатысушысына өзінің шығармашылық жұмысын көрсетуге, би композициясы арқылы өзінің ішкі әлемін танытуға тамаша мүмкіндік береді», - дейді Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер.
Айта кету керек, фестиваль-байқаудың қорытындысы бойынша 6 жеңімпаз анықталады және олар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Барлық қатысушыға сертификаттар табысталады, сондай-ақ «Үздік хореографиялық ұжым», «Сахналық орындау шеберлігі үшін» номинацияларында үздік байқау жұмыстары анықталады.
-
-
02.10.2026 | 74
XIX Президенттік олимпиаданың бірінші кезеңі өтуде
-
01.10.2026 | 150
Қалдарбековтер әулеті: төрт буынға жалғасқан ұстаздық жол
-
30.09.2026 | 160
Жетісулық Жапақовтар әулеті: 207 жылға жалғасқан ұстаздық жол
-
30.09.2026 | 148
Қаладан ауылға - ұстаз еңбегінің жаңа белесі
-
29.09.2026 | 180
Имировтер әулеті: үш ұрпақты жалғаған ұстаздық жол

