Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

03.09.2024 | 158

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары: 2.0 жаңартылған оқу бағдарламасы әзірленді

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары: 2.0 жаңартылған оқу бағдарламасы әзірленді

Жаңа оқу жылынан бастап педагогикалық қолдау орталықтарында ата-аналарға арналған жаңартылған оқу бағдарламасы іске қосылды. Бұл бастама «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Негізгі басымдық – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын күшейту, позитивті ата-ана мәдениетін дамыту болып табылады.

«Педагогикалық қолдау орталықтарының жаңартылған оқу бағдарламасы ата-аналар арасында сауалнама жүргізу негізінде әзірленді, бұл олардың нақты қажеттіліктері мен қызығушылықтарын ескеруге мүмкіндік берді. Сауалнамада ата-аналар балаларды тәрбиелеу мен дамытуда теориялық білім мен практикалық дағдылардың маңыздылығын атап өтті. Бағдарламаны әзірлеуге еліміздің үздік педагогтері, республикалық «Педагогтар мен ата-аналар: балалар мүддесі үшін серіктестік» байқауының жүлдегерлері қатысты», – деп атап өтті «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының басқарма басшысы Мариам Таипова.

Айта кетейік, өткен оқу жылының қорытындысы бойынша орталықтарда 5,3 млн қазақстандық ата-ананың қатысуымен 219 мыңнан астам сабақ өтті.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки