Білім жаңалықтары
09.09.2024 | 1267
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау
АЙТЫЛДЫ: «Балаға берілетін ақша» қағидатын іске асыруға мүмкіндік туғызатын мемлекеттік балабақшаларда орын бөлудің бірыңғай және ыңғайлы ақпараттық жүйесі құрылады.
(Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасынан)
ОРЫНДАЛДЫ:
- ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі ұйымдарға ваучерлік қаржыландыру жобасын енгізуде, оның шеңберінде кезекке қоюдан бастап мектепке дейінгі ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеуге дейінгі барлық рәсімдерді толық қайта қарау жүргізілді.
- Ваучерлік қаржыландыру немесе «Балаға берілетін ақша» ата-аналарға сапасы бойынша балабақшаны өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді, содан кейін ғана мемлекет олардың оқуын қаржыландырады.
- Егер баланың ата-анасы немесе заңды өкілі басқа балабақшаны таңдап, ауыстырса, тиісті ваучер автоматты түрде онымен бірге таңдалған мекемеге жіберіледі.
Жоба сапасы төмен балабақшалардан сапасы жоғары балабақшаларға көшу арқылы олардың сәтті тәжірибесін таратуға мүмкіндік береді.
- Пилоттық жоба 2024 жылдың шілдесінде Тараз қаласында, одан кейін Шымкент және Түркістан қалаларында іске қосылды. Оны барлық өңірлер бойынша тарату жоспарлануда.
-
-
02.10.2026 | 74
XIX Президенттік олимпиаданың бірінші кезеңі өтуде
-
01.10.2026 | 142
Қалдарбековтер әулеті: төрт буынға жалғасқан ұстаздық жол
-
30.09.2026 | 158
Жетісулық Жапақовтар әулеті: 207 жылға жалғасқан ұстаздық жол
-
30.09.2026 | 144
Қаладан ауылға - ұстаз еңбегінің жаңа белесі
-
29.09.2026 | 178
Имировтер әулеті: үш ұрпақты жалғаған ұстаздық жол

