Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

10.09.2024 | 143

Қазақстандық педагогтер ЭЫДҰ елдерінің үздік колледждерінен тәжірибеден өте алады – министр ТжКБ жүйесіндегі кадрлық әлеуетті арттыру туралы

Қазақстандық педагогтер ЭЫДҰ елдерінің үздік колледждерінен тәжірибеден өте алады – министр ТжКБ жүйесіндегі кадрлық әлеуетті арттыру туралы

Министр техникалық және кәсіптік білім беру бойынша кадрлық әлеуетті арттыру мәселесіне жеке тоқталды. Ғани Бейсембаевтың айтуынша, жүйені табысты трансформациялау үшін менеджментті тиімді құру қажет. «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында ең үздік халықаралық тәжірибелер үлгісінде білікті басқарушылардың кадрлық резерві қалыптастырылуда.
«Техникалық және кәсіптік білім берудегі басты міндеттердің бірі - педагогикалық кадрлардың әлеуетін арттыру болып табылады. Министрлік колледж педагогтерінің өндірістер базасында тағылымдамадан өтуі бойынша келісімге қол жеткізді. Сондай-ақ педагогтердің шеберлігі мен біліктілігін көтеру, оның ішінде халықаралық стандарттар, өндірістен мамандарды тарту және тәлімгерлік институтын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деп қорытындылады министр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін оқу-ағарту министрлігі студенттер мен педагогтердің Қытай, Германия, Италия, Түркиядан тәжірибе мен тағылымдамадан өтуі бойынша жұмыс жүргізген болатын. Сонымен қатар қазақстандық колледждер студенттер мен педагогтердің академиялық мобильділігін кеңейту арқылы халықаралық ынтымақтастықты дамытуда.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки