Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

08.10.2024 | 210

«Үздік сынып жетекшісі» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

«Үздік сынып жетекшісі» республикалық байқауының жеңімпаздары анықталды

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Үздік сынып жетекшісі» республикалық байқауы аяқталды. Байқау мұғалімдердің шеберлігін жетілдіруге және сынып жетекшілерінің шығармашылық әлеуетін іске асыруға бағытталған.

Облыстық кезеңге 5 мыңға жуық сынып жетекшілері қатысты. Екінші (облыстық) кезеңнен 312 мұғалім өтті. Қорытынды (республикалық) кезеңде қатысушылар өз іс-әрекеттерінің презентацияларын ұсынды, кейс сессиясы аясында шығармашылық жобаларын қорғады.

«Байқаудың негізгі мақсаты сынып жетекшілерінің әлеуметтік мәртебесін көтеру, тәрбие жұмысының үздік тәжірибелерін насихаттау болды. Біз өз алдымызға тәрбие жұмысының тиімді әдістері мен технологияларын анықтау және тарату міндетін қойдық», - деп атап өтті тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.

Байқау қорытындысы бойынша Павлодар облысы Май ауданы Е.Мұқашев атындағы мектеп педагогы Ғаламат Жаңабек пен Абай облысы электротехника колледжінің педагогы Шыңғыс Шынарбек Гран-при алды.

Сонымен қатар, «Бала жүрегіне жол тапқан ұстаз», «Ұрпақ тәрбиесіндегі ұтымды идея», «Шабыттандыратын тәлімгер», «Ата-анамен ынтымағы жарасқан» және «Креативті көшбасшы» номинациялары берілді. Барлық байқауларда Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының ата-аналар қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ «Менің бауырым» жобасының қатысушылары байқаушы болды.

Естеріңізге сала кетейік, байқауды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КЕаҚ ұйымдастырды.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки