Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

14.10.2024 | 85

Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады

Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда 7 күн демалады

Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуда. Күзгі каникул кезеңі 2024 жылдың 28-қазаны мен 3-қарашасын қоса алғанда жеті күнге созылады.

 Мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады.

 Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды: • «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» мектепішілік іс-шарасы; • «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы; • Мектеп оқушылары үшін «Күзгі асар» жәрмеңкесі; • «Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.

 Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.

 Айта кетейк, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки