Білім жаңалықтары
29.10.2024 | 773
Ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі басталады

Ауыл мектептері арасындағы республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі басталады
Бүгін ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының үшінші (облыстық) кезеңі басталуда. Оған ауданнық кезеңнің 12 мыңнан астам жеңімпазы қатысуда. Олимпиада дәстүрлі форматта екі турда 13 пән бойынша өтеді.
Естеріңізге салсақ, бірінші кезеңге 113 мыңнан астам оқушы тіркеліп, оның ішінде екінші (аудандық) кезеңге 53,5 мың оқушы қатысты. Үшінші кезеңнің жеңімпаздары республикалық (қорытынды) кезеңге жолдама алады: жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 9-11(12) сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 10-11(12) сынып оқушылары.
Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткен оқу жылынан бері өткізіліп келеді. Оның мақсаты – ауылдан келген дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету, сондай-ақ оларға кәсіптік бағдар беру мен сапалы білім алу мүмкіндіктерін кеңейту. Қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілейміз!
-
-
18.03.2026 | 52
Көкшетауда 1500 оқушы бір мезетте «Бес асық» ойнады
-
17.03.2026 | 113
Республикалық балалар суреттері байқауы басталды
-
16.03.2026 | 122
Жұмысшы мамандықтар қызметіндегі жасанды интеллект

