Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

12.11.2024 | 134

«Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» байқауының өңірлік кезеңіне 5000-ға жуық педагог қатысты

«Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» байқауының өңірлік кезеңіне 5000-ға жуық педагог қатысты

«Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» бейнесабақтар мен бейнедәрістер республикалық байқауының өңірлік кезеңі аяқталды. Оған 5000-ға жуық өтінім келіп түсті. Байқау Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен 2018 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылуда.

Бірінші кезеңге қатысу үшін педагогтер өз идеяларын: бейнероликтер, дәрістер, практикалық, зертханалық жұмыстар, семинар, шеберлік сабақтары, цифрлық білім беру ресурстары немесе бейне подкаст форматында ұсынды.

Конкурстың мақсаты – түрлі деңгейдегі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің аспаптық және пәндік сауаттылықты дамыту бойынша заманауи оқыту технологиялары мен әдістемелерін, озық педагогикалық идеяларын таныстыру және тарату.

Айта кетейік, республикалық кезең 11 қарашада басталды, нәтижелері ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында белгілі болады. Республикалық кезеңге үздік нәтижелер көрсеткен өңірлік кезеңнің жеңімпаздары қатысады.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки