Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

27.11.2024 | 289

376 үміткер «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы бойынша республикалық кадр резервіне алынды

376 үміткер «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы бойынша республикалық кадр резервіне алынды

Бүгін жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеуге және оқытуға бағытталған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының екінші легі қорытындыланды. Естеріңізге сала кетейік, ол өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған болатын. Марапаттау рәсіміне Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты.


Резервистермен кездесуде Ғани Бейсембаев білім сапасын арттыру және педагог кадрлардың кәсібилігін арттыру мен даярлау жөніндегі басым бағыттарға тоқталды.
«Оқу-ағарту министрлігі білім сапасын арттырудың бес негізгі бағытын айқындады. Оның ішінде тиімді менеджментті дамытуға және кадрлық резервті құруға ерекше басымдық беріледі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз «Өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасын іске қостық – бұл отандық білім беруді дамытудың жаңа кезеңі. Алты ай ішінде сіздер әртүрлі іріктеу кезеңдерінен өтіп, көшбасшылық, кәсіби және басқарушылық дағдыларыңызды жетілдірдіңіздер. Енді сіздердің алдарыңызда отандық білім сапасын арттыруға үлес қосу, ең бастысы, балаларымыз бен педагогтеріміз үшін қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша үлкен міндет тұр», - деді министр.
Айта кету керек, биыл жобаға қатысуға ниет білдірушілер саны өткен жылға қарағанда 2,5 есеге артқан. Жобаның бастапқы кезеңінде барлығы 13 796 өтінім берілген. Іріктеу бес кезең бойынша өтті: кәсіби және басқарушылық құзыреттерді бағалау бойынша тестілеу, оқу, еліміздің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту, қорытынды бағалау және республикалық комиссиядан әңгімелесуден өту. Үміткерлерді іріктеу және олардың біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды Педагогикалық шеберлік орталығы жүргізді.

Іріктеудің барлық бес кезеңінің қорытындысы бойынша 376 үміткер Республикалық кадр резервіне алынды. Бүгін оларға конкурссыз қызметке тағайындау туралы сертификаттар табыс етілді. Жаңа буынның менеджерлері кадр мәселесін шешуге өз үлесін қосады, сонымен қатар жаңа мектептерді, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептерді де басқарады деп күтілуде.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки