Білім жаңалықтары
17.12.2024 | 97
Елімізде Тәуелсіздік күнінде жаңа білім беру нысандары ашылды
Елімізде Тәуелсіздік күнінде жаңа білім беру нысандары ашылды
Астана қаласында және Түркістан, Қостанай, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында балабақшалар, мектептер мен балаларға арналған шығармашылық орталықтары ашылды.
Түркістан облысының екі бірдей ауылында - Еңбек Дихан мен Манкентте жаңа мектептер есігін айқара ашты. Олардың бірі Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Бұл мектеп 600 оқушыға арналған және заманауи қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Айта кетейік, бұл Түркістан облысындағы екінші «Жайлы мектеп» болып табылады.
Ал елордада екі ауысымда 4 мың оқушыға арналған 11-ші «Жайлы мектеп» ашылды. Бұл мектеп Үркер тұрғын алабында орналасқан, ол оқушы орны тапшылығын шешуге септігін тигізеді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2026 жылға дейін Астанада 24 мектеп салынады деп жоспарланып отыр.
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында 400 оқушыға арналған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Мектепте балалар шығармашылығын дамыту мен демалуға арналған кеңістіктер, сондай-ақ жеке шкафтар қарастырылған. Сонымен қатар спорт және акт залдары, кітапхана, асхана, шеберхана және 36 пәндік кабинет бар.
Қостанай облысының Қостанай және Арқалық қалаларында екі жаңа мемлекеттік балабақша ашылды. Бұл мектепке дейінгі ұйымдар барлық заманауи стандарттарға сай. Олар жатын бөлмелерімен, ойын бөлмелерімен, хореографиялық, гимнастикалық, музыкалық және спорт залдарымен, педагог-психолог, логопед, медициналық, қосымша білім беру кабинеттерімен қамтылған. Айта кету керек, осы жылдың басынан бері елімізде 560-тан астам мектепке дейінгі ұйым ашылды.
Еліміздің төрт өңірінде қосымша білім беру нысандары ашылды. Мысалы, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Бадамша ауылында өнер мектебі ашылды. Онда 550-ге жуық бала білім алуда.
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында екі қосымша білім беру ұйымы – оқушылар сарайы мен өнер мектебі ашылды. Бұл мекемелерде 19 қосымша білім беру бағыты бойынша 250-ден астам бала білім алады.
Сондай-ақ бүгін ғана Павлодар облысының Екібастұз қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған «Самғау» балалардың замануи шығармашылық үйі ашылды. Ол «Балаларға қосымша білім беру жүйесінің жаңа үлгісі» ғылыми-техникалық бағдарламалары аясында 12 бағыт бойынша балаларды оқытуға арналған жоғары технологиялармен жабдықталған. Орталық күніне 3000-ға дейін баланы қабылдайды. Оның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар да бар.
2024-2025 оқу жылының басынан бері елімізде барлығы 500-ден астам жаңа білім беру ұйымдары ашылды.
-
-
19.12.2024 | 64
2024 жылы елімізде 600 мектеп асханасы модернизациядан өтті
-
18.12.2024 | 100
КҮН САНЫ
-
12.12.2024 | 102
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
-
11.12.2024 | 142
Қазақстандық мектептерде медиация қызметтері пайда болады