Білім жаңалықтары
Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары
19.12.2024 | 67
Қазақстан мектептерінің 90%-да кедергісіз орта қалыптастырылды
Қазақстан мектептерінің 90%-да кедергісіз орта қалыптастырылды
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзивті білім беру ортасын құру бағытында жұмыстар жүргізілуде.
2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің мектептерінің 90%-да кедергісіз орта құрылды, ал балалардың арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылуы 80%-ға жетті. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған қолдау кабинеттері мен жеке бағдарламалар үшін жаңа талаптар әзірленді.
«Инклюзивті және кедергісіз білім беру ортасын құру – барлық оқушылар үшін тең білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін негізгі фактор болып табылады. Арнайы ұйымдар желісі 496-ға дейін көбейді, одан бөлек 96 балаларды қолдау кабинеті ашылды», - дейді Оқу-ағарту министрлігінің инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.
Қазіргі уақытта елімізде барлығы 221 ППТК, 105 ПМПК және 1071 ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау кабинеті жұмыс жасайды.
-
-
19.12.2024 | 60
2024 жылы елімізде 600 мектеп асханасы модернизациядан өтті
-
18.12.2024 | 100
КҮН САНЫ
-
12.12.2024 | 100
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
-
11.12.2024 | 142
Қазақстандық мектептерде медиация қызметтері пайда болады