Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

15.01.2025 | 29

Ваучерлік қаржыландыру: жүйе қалай жұмыс істейді және оның артықшылықтары қандай?

Ваучерлік қаржыландыру: жүйе қалай жұмыс істейді және оның артықшылықтары қандай?

2024 жылдан бастап Қазақстанда ваучерлік қаржыландыру әдістемесін қолдана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша пилоттық жоба іске асырыла бастады. Бүгінгі таңда ваучерлік қаржыландыру Тараз (Жамбыл облысы), Түркістан, Шымкент, Орал және Астана қалаларында жүзеге асуда.
 
Мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру жобасы белгіленген талаптарға сай болған жағдайда барлық мектепке дейінгі ұйымдарға, оның ішінде жаңадан ашылған ұйымдарға да мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мүмкіндік береді.
 
Негізгі артықшылықтары: ата-аналарға балабақшаны өз бетінше таңдау мүмкіндігі беріледі, бұл жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар арасында дұрыс бәсекелестікті ынталандырады. Жүйе, ең алдымен, бүкіл қаржыландыру процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді, мұнда «ақша ұйымға емес, балаға беріледі».
 
Жаңа жүйе балабақшаға кезекке тұру процедурасын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар мұндағы түрлі заңсыз факторларды жояды. Ваучерлік қаржыландыру қағидаттарының бірі — серпінді бәсекелестік құру және тиісінше қызмет көрсету сапасын жақсарту болып табылатынын атап өткен жөн.
 
2025 жылдан бастап ваучерлік қаржыландыру жүйесі ел аумағында кезең-кезеңімен енгізіле бастайды.
 
 
 
 
 
 
 

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки