Білім жаңалықтары
Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары
28.01.2025 | 729
Инклюзия бойынша алғашқы бүкіләлемдік конгресс Қазақстанда өтеді

Инклюзия бойынша алғашқы бүкіләлемдік конгресс Қазақстанда өтеді
Бұл жаңалық Лондонда өткен білім саласындағы ең ауқымды шара — Bett Show алаңында жарияланды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүкіләлемдік конгресс инклюзия саласы бойынша үкіметтің, педагогтердің, технологиялық компаниялардың, сарапшылар мен мамандардың басын қосатын бірегей жаһандық платформа болмақ. Оның басты мақсаты — заманауи жетістіктерді талқылау, үздік тәжірибелермен бөлісу және инклюзиялық білім беруді дамыту.
Конгресстің келесі негізгі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
• Практикалық іске асыруға басымдық беру;
• Үшжақты тәсіл (педагогикалық инновациялар, технологиялық жетістіктер, корпоративтік ынтымақтастық);
• Жасанды интеллект пен заманауи технологияларды қолдануға ерекше назар аудару.
«Конгресс инклюзивті білім беру саласындағы алғашқы халықаралық бастама болады. Бұл беделді халықаралық шараны Қазақстанда өткізу - біздің әділетті және инклюзивті қоғам құруға деген ұмтылысымызды көрсетеді, сондай-ақ білім беру реформалары мен технологиялық инновациялардағы жетістіктерін айқындайды. Оған халықаралық корпоративтік көшбасшылардың қатысуы стратегиялық мүмкіндіктерге жол ашып, Қазақстанға әлемнің назарын аударып қана қоймай, инвестициялар тартуға ықпал етеді», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Инклюзивті және арнайы білім беру департаментінің директоры Лаура Бутабаева.
Анықтама үшін: 2024 жылы елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны 230 мыңнан асты. Елдегі мектептердің 90%-да инклюзивті білім беруге жағдай жасалған, ал арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтылған балалардың үлесі 80%-ды құрайды.
Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы
-
-
05.01.2026 | 60
Алматыда Роботтар фестивалі басталды
-
30.12.2025 | 196
Қазақстандық колледж халықаралық аккредиттеуден өтті
-
29.12.2025 | 162
Оқу-ағарту министрі азаматтардың арыз-шағымдарын тыңдады
-
26.12.2025 | 192
2025 жылы республикалық кадр резервіне 403 жаңа басқарушы енді

