Білім жаңалықтары
Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары
28.01.2025 | 945
Президент: Мектепке дейінгі және орта білім беру саласында әділ бәсеке болуы қажет

Президент: Мектепке дейінгі және орта білім беру саласында әділ бәсеке болуы қажет
«Мектепке дейінгі және орта білім беру саласында әділ бәсеке болуы қажет. Бюджет қаржысын үнемдеп, қаражаттың ашық жұмсалуын қамтамасыз ету маңызды. Бұған жол ашатын тәсілдерді енгізу жұмыстарын жалғастыру керек.
Осы орайда мектепке дейінгі мекемелерді ваучерлік тәсілмен қаржыландыратын пилоттық жобаны атап өткен жөн. Мемлекеттік тапсырыс белгілі бір білім беру мекемесіне байланбайтын болды. Соның нәтижесінде, ата-аналар балабақшаны өздері таңдауға мүмкіндік алды. Енді бұл тәжірибені орта білім беру саласына енгізуге болады. Тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір баланың білім алуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің міндеті.
Биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аяқталады. Барлық аймақта заман талабына сай тірек мектептер желісі құрылып жатыр. Менің тапсырмаммен үш жыл ішінде тағы 1300 мектеп жаңғыртудан өтеді. Бұдан бөлек, Үкімет заманауи мектептер салуға қолайлы жағдай жасап, орта білім беру саласына жеке инвестиция тартуы қажет»
-
-
14.03.2026 | 56
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы: үш жылда 217 жаңа мектеп
-
13.03.2026 | 116
Абай ұлттық мектебі оқушылар қабылдауды бастады
-
12.03.2026 | 147
Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады
-
12.03.2026 | 123
Колледж студенттері тәжірибеден өтіп, өз өндірісін ашты

