Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

05.02.2025 | 31

Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры тағайындалды

Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болып Толқын Жолдыбайқызы Исақова тағайындалды.

Толқын Жолдыбайқызы Исақова 1977 жылы 1 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, 2021 жылы Еуразия гуманитарлық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолын 1999-2008 жылдары Жамбыл облысының Байзақ ауданында бастаған.

2008-2011 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде қызмет атқарған.

2011-2016 жылдары ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комитетінде бас сарапшы, басқарма басшысы.

2016-2019 жылдары Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнде сектор меңгерушісі болған.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымында қызмет атқарған.

2025 жылғы 3 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің стратегия және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки