11.03.2025 | 90
Білім жаңалықтары
Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары
09.03.2025 | 76
Мемлекет педагогтердің еңбегін жоғары бағалайды – Оқу-ағарту министрі ұстаздарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
Мемлекет педагогтердің еңбегін жоғары бағалайды – Оқу-ағарту министрі ұстаздарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің бірқатар педагогтері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында педагог-шеберлер, педагог-зерттеушілер және білім беру саласының ардагерлері бар.
Марапат иелерін Оқу-ағарту министрі салтанатты түрде құттықтап, олардың елдің адами капиталын қалыптастырудағы өлшеусіз үлесін атап өтті.
«Тәуелсіздік жылдарында жоғары мемлекеттік наградаға бес педагог ие болды, оның ішінде соңғы үш жылда үш ұстазға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Бүгін тағы бірнеше ұстазымыз мемлекеттік марапат алды. Бұл – Президенттің ұстаз еңбегін жоғары бағалап, сенім мен құрмет білдіруінің айқын дәлелі. Сондай-ақ, бұл педагог мәртебесінің артып, мемлекет тарапынан мұғалім еңбегіне көрсетілген құрметтің жаңа кезеңі басталғанын білдіреді», – деді министр.
«Құрмет» орденімен марапатталғандар: Қызылорда облысынан Сәуле Егізбаева, Маңғыстау облысынан Бибігүл Қараева, Ақтөбе облысынан Бағдашжан Молдашева, Алматы қаласынан Шынтай Мадияров, Жетісу облысынан Гүлбану Өміржанова.
«Ерен еңбегі үшін» орденімен: Астана қаласынан Роза Алимсаева, Қостанай облысынан Ирина Худякова.
«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданынан Балалар музыка мектебінің директоры Бақытжан Аханова марапатталды.
Сондай-ақ, бірқатар ұстаздар мен білім беру жүйесінің қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды. Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Қазақстанның білім беру жүйесінде 600 мыңнан астам педагог жұмыс жасайды.
-
-
11.03.2025 | 42
1000-ға жуық мектепте заманауи пәндік кабинеттер орнатылған
-
06.03.2025 | 70
КҮН САНЫ
-
05.03.2025 | 89
КҮН САНЫ
-
04.03.2025 | 105
Педагогтердің айлық жалақысы соңғы бес жылда қалай өсті?