Білім жаңалықтары
Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары
12.03.2025 | 37
2024 жылдан бастап құрылыс компаниялары жаңа үйлердегі терезелерге қауіпсіздік құлыптарын орнатуға міндеттелді
2024 жылдан бастап құрылыс компаниялары жаңа үйлердегі терезелерге қауіпсіздік құлыптарын орнатуға міндеттелді
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері балалардың құқықтарын қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, өзекті мәселелерді талқылады.
Өз сөзінде Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы соңғы жылдардағы талдау нәтижелеріне тоқталып өтті. Оның айтуынша, балалардың терезеден құлау жағдайларының 80%-ы үй жағдайында, негізінен 2-5 жас аралығындағы балалардың қатысуымен орын алады. Осыған байланысты, 2024 жылдан бастап жаңа тұрғын үйлердің терезелеріне қауіпсіздік құлыптарын орнату құрылыс компаниялары үшін міндетті талап ретінде енгізілді.
«Құрметті ата-аналар! Баланың өмірі мен денсаулығы көбінесе қарапайым, бірақ маңызды шешімдерге байланысты. Терезелерге қауіпсіздік құлыптарын орнату, қорғаныс торларын қолдану және қарапайым сақтық шараларын естен шығармау – жазатайым оқиғалардың алдын алудың тиімді жолы», – деді Насымжан Оспанова.
Айта кетейік, бұл талаптар білім беру, тәлімгерлік, әйелдер құқықтарын қамтамасыз ету және балалар қауіпсіздігіне қатысты заңдар аясында енгізілді. Ол 2024 жылдан бастап пайдалануға беріліп келе жатқан жаңа үйлерге қолданылады.
-
-
11.03.2025 | 130
Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?
-
11.03.2025 | 60
1000-ға жуық мектепте заманауи пәндік кабинеттер орнатылған