Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

12.03.2025 | 67

Балалар үйі тәрбиеленушілерінің есеп шоттарына «Мейірім» қайырымдылық акциясы аясында 840 миллион теңгеге жуық қаражат аударылды

Балалар үйі тәрбиеленушілерінің есеп шоттарына «Мейірім» қайырымдылық акциясы аясында 840 миллион теңгеге жуық қаражат аударылды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде «Мейірім» қайырымдылық акциясы жүзеге асырылуда. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан балалар үйінің түлектерін әлеуметтік қолдауға бағытталған бұл бастаманың ауқымы кеңейіп жатқанын айтты.

 

2024 жылдың сәуір айынан бастап акция аясында 1317 өзара ынтымақтастық туралы келісім жасалып, 2000-нан астам балалар үйі тәрбиеленушісінің тұрғын үй депозиттік шоттарына 840 миллион теңгеге жуық қаражат аударылды.

 

Бұл бастаманың негізгі мақсаты – жетім балалар мен балалар үйінің түлектеріне жан-жақты қолдау көрсету, отбасылық тәрбиенің балама түрлерін дамыту, әлеуметтік көмектің тиімді тетіктерін кеңейту, бизнес өкілдерін балаларды қолдауға тарту, сондай-ақ олардың кәсіби даярлығына, жұмысқа орналасуына және баспанамен қамтамасыз етілуіне жәрдемдесу.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки