Білім жаңалықтары
14.03.2025 | 39
Қазақстанда педагогтерді аттестаттау процесі автоматтандырылуда
Қазақстанда педагогтерді аттестаттау процесі автоматтандырылуда
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде «Ұстаз» педагогтің үздіксіз кәсіби даму ұлттық платформасын кезең-кезеңімен енгізу басталды. Бұл платформа аттестаттау процесін автоматтандыруға және оны ашық әрі әділ етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта платформада «педагог-модератор» және «педагог-эксперт» біліктілік санаттарын алу немесе растау үшін үміткер педагогтерді аттестаттаудың бірінші кезеңі өтуде.
Әрбір аттестатталатын педагог үшін жеке кабинет ашылады, онда сабақтарды бақылау нәтижелері, оқушылардың үлгерім деңгейі, педагогикалық қоғамдастықтағы кәсіби жетістіктері мен белсенділігі тіркеледі. Бұл аттестаттау процесін жүйелі бақылауға мүмкіндік береді және оның ашық әрі объективті болуын қамтамасыз етеді.
«Ұстаз» платформасы аттестаттауды автоматтандыру арқылы бағалаудың негізгі қағидаттарын — дәлдік, сенімділік пен объективтілікті сақтай отырып, жеке адам көзқарасына негізделген бағалауды жоюға көмектеседі. Бұл жүйе мұғалімдерге өз қызметін талдауға және үнемі жетілдіруге мүмкіндік береді, сондай-ақ сабақтар мен білім беру іс-шараларын бақылау процесін жеңілдетеді.
2025 жылы платформа арқылы 150 мыңнан астам қазақстандық педагог аттестаттаудан өтеді деп күтілуде.
-
-
11.03.2025 | 160
Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?
-
11.03.2025 | 86
1000-ға жуық мектепте заманауи пәндік кабинеттер орнатылған