Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

04.04.2025 | 223

Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады

Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады

2025-2026 оқу жылына балаларды бірінші сыныпқа қабылдауға өтініштер қабылдау жалғасуда. ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, бірінші сыныпқа ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің өтініші негізінде алты жасқа толған балалар қабылданады.

Өтініштерді қабылдау биыл бес ай бойы — 31 тамызды қоса алғанға дейін жалғасады. Болжам бойынша, мектеп табалдырығын 370 мыңнан астам бала аттайды.

«Алғашқы үш күнде 24 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Ең үлкен белсенділік Астана мен Түркістан облысында байқалуда. Ата-аналардың шамамен 70% — ы мемлекеттік тілде оқытуды таңдады», - деп хабарлады ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім комитеті.

Өтінішті онлайн — eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы, сондай — ақ қағаз түрінде-тікелей мектепте беруге болады. Өтінімдер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки