Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

07.04.2025 | 163

КҮН САНЫ

КҮН САНЫ

Психологиялық қолдау орталықтары мен білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін 200-ден астам маманның, оның ішінде педагог-психологтардың біліктіліктері арттырылды
 
Қазақстанда 200-ден астам маманды қамтыған оқу бағдарламасы басталды. Ол педагогикалық тәжірибеге психоәлеуметтік қолдауды қажет ететін балалармен жұмыс істеуге бағдарланған әдістерді енгізуге бағытталған. Басты мақсат – мамандардың балалармен және отбасыларымен жұмыс істеу тиімділігін арттыру.
 
Айта кетейік, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспар аясында еліміздің 20 өңірінде Психологиялық қолдау орталықтары ашылып, бүгінде 250 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки