Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

13.05.2025 | 49

Қазақстандық жас химиктер Менделеев олимпиадасында топ жарды

Қазақстандық жас химиктер Менделеев олимпиадасында топ жарды

Бразилияның Белу-Оризонти қаласында 59-шы Халықаралық Менделеев олимпиадасы өз мәресіне жетті. Қазақстандық оқушылар 40 ел қатысқан жарыста үздік нәтиже көрсетіп, 11 медаль жеңіп алды. Осылайша АҚШ, Жапония, Қытай және Еуропа елдерінің мықты құрамаларын басып озды.

Қазақстан құрамасы 2024-2025 оқу жылында химиядан республикалық олимпиаданың жеңімпаздары болған 10-11 (12) сынып оқушыларынан жасақталды. Команданың барлық мүшелері халықаралық турнирде жүлдегер атанып, Қазақстандағы білім жүйесінің және дарынды оқушыларға көрсетілетін қолдаудың жоғары деңгейде екенін дәлелдеді.

Байқауда Маңғыстау облысындағы «Білім-Инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы Меңдіғали Қалдыбай практикалық кезеңде ең жоғары ұпай жинап, «Award for the Best Score in the Practical Exam» арнайы сыйлығына ие болды.

Күміс жүлде иеленгендер:

 Данияр Базарбай – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Ақтөбе облысы;
 Меңдіғали Қалдыбай – 10 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Маңғыстау облысы;
 Аңсар Жақсылықов – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Ақтөбе облысы;
 Арен Теңізбаев – 10 сынып оқушысы, №9 «Білім-Инновация» лицейі, Қызылорда облысы;
 Санжар Қалиақбар – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Қарағанды облысы;
 Қали Әбілмансұр – 10 сынып оқушысы, Назарбаева зияткерлік мектебі, Астана қаласы;
 Райымбек Ғабдолла – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Маңғыстау облысы.

Қола жүлде иеленгендер:

 Айзере Жеңісханова – 10 сынып оқушысы, Назарбаев зияткерлік мектебі, Өскемен қаласы;
 Нұрқожа Умарбаев – 11 сынып оқушысы, «Білім-Инновация» лицейі, Маңғыстау облысы;
 Ярослава Кравчук – 11 сынып оқушысы, №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейі, Павлодар қаласы;
 Алихан Серікұлы – 11 сынып оқушысы, «Haileybury Almaty» мектебі, Алматы қаласы.

 Команданың жетекшілері — Бахытжан Елдана және Азим Аманжолов.

 Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Менделеев олимпиадасы Қазақстан ұлттық құрамасы үшін 2025 жылдың 5-14 шілде аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін химиядан Халықаралық олимпиадаға (IChO) дайындықтың маңызды кезеңі болып саналады.
 
 

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки