Білім жаңалықтары
20.05.2025 | 39
Шефтік кәсіпорындар саны 7 есеге артты – Ғани Бейсембаев ТжКБ жүйесін дамыту туралы
Шефтік кәсіпорындар саны 7 есеге артты – Ғани Бейсембаев ТжКБ жүйесін дамыту туралы
Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі тұрақты даму қарқынын көрсетуде. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев толығырақ айтты.
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша еліміздің колледждерін 173 мың студент бітіреді. Оның ішінде 123 мың түлек жұмысшы мамандықтар бойынша біліктілік алып шығады, 27 мыңы дуальді оқыту шеңберінде, тағы 10 мыңы кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша білім алғандар.
Тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің бірі - түлектердің жұмысқа орналасу динамикасының артуы. 2024 жылы колледж түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 81%-ға жетті.
«Бизнеспен серіктестік нығайып келеді. Шефтік көмек көрсететін кәсіпорындардың саны жеті есе артты. Бүгінде 4 мыңнан астам кәсіпорын 662 колледжге шефтік көмек көрсетуді бастады. Жұмыс берушілердің өкілдері 8 мыңнан астам білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысты», - деп атап өтті министр.
Студент жастарды қолдау жүйелі жүргізіліп келеді. Биылғы оқу жылында 2 мың орындық 8 жатақхана іске қосылды, 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы екі есе артты.
Ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында алғаш рет «кәсіби бағдар беруші» лауазымы ресми түрде бекітілді. Қазірдің өзінде 905 жоғары сынып оқушысы жалпы білім туралы аттестаттармен қатар жұмысшы біліктілігі бойынша диплом алды. Кәсіби бағдар беру іс-шараларымен 2,5 млн оқушы қамтылды.
-
-
20.05.2025 | 18
Жас зерттеушілер академиясы құрылды
-
19.05.2025 | 104
Астанада ұлттық мектеп лигасының финалы салтанатты түрде ашылды
-
19.05.2025 | 98
2024-2025 оқу жылында 400 мыңға жуық оқушы орны ашылды