Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

03.10.2022 | 141

ҚАЗАҚСТАНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІН ТЕГІН КУРСТАРДА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

ҚАЗАҚСТАНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМДЕРІН ТЕГІН КУРСТАРДА ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Қазақстанда біліктілікті арттырудың тегін курстарында оқу үшін ағылшын тілі мұғалімдерін қабылдау басталды. Бағдарламаны «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының өкілдері Британ кеңесімен бірге ұйымдастырып отыр. Құжаттар 30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында қабылданады.

Future English Online Teacher Community Programme халықаралық жобасы 6 елде, атап айтқанда, Армения, Әзербайжан, Грузия, Украина, Өзбекстан және Қазақстанда жүзеге асырылады. Былтыр осы бағдарлама бойынша жүздеген ағылшын тілі мұғалімі пән бойынша құзыреттерін жетілдірді. 2022 жылы жалпы білім беретін мектептердің 1 200 ағылшын тілі мұғалімі біліктілігін арттырады деп күтіліп отыр.

«Future English Online Teacher Community Programme - білім жетілдіру курсы ғана емес, сонымен қатар қазақстандық мұғалімдер мен британдық сарапшылар және басқа елдердегі әріптестер арасындағы диалог алаңы. Курстар 17 қазан мен 23 желтоқсан аралығында British Council Online Teacher Community онлайн платформасында өтеді. Оқыту тегін болады, алайда ағылшын тілі мұғалімдеріне курсқа қатысуға қойылатын негізгі талап – ағылшын тілін В1 деңгейінен кем емес білуі. Курс тыңдаушылары материалды 5 модуль бойынша игереді: сабақты жоспарлау, қатысушылардың түсінуі, оқуды бағалау, АКТ интеграциясы және инклюзивті білім беру», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова.

Курсқа қалай жазылуға болады:

  • Бағдарламаға қатысу үшін аймағыңыздағы Білім басқармасына өтініш беріңіз.
  • Курсқа үміткер ретінде тіркелгеннен кейін сізге ағылшын тілін B1 деңгейінде меңгергеніңізді дәлелдеу үшін онлайн English Score тестін тапсыру қажет. Тестілеу 30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтеді. Тестілеуден өту туралы нұсқаулар сіздің электрондық поштаңызға жіберіледі.
  • Тестілеуден өткеннен кейін 3-10 қазан аралығында Online Teacher Community платформасында тіркелу қажет.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки