Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

17.11.2022 | 104

Абай облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 12 мыңға жуық оқушыға есептелген 11 мектеп салу жоспарланып отыр,- Асхат Аймағамбетов құрылысқа дайындық жұмыстарымен танысып, өңірдегі ауыл мектебіне барды.

Абай облысында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 12 мыңға жуық оқушыға есептелген 11 мектеп салу жоспарланып отыр,- Асхат Аймағамбетов құрылысқа дайындық жұмыстарымен танысып, өңірдегі ауыл мектебіне барды.

Абай облысы Приречное ауылындағы мектепте болдым. Бұл білім ордасында 237 бала оқиды. Әріптестеріммен оқу бағдарламалары, балалармен жұмыс, бағалау және т.б. мәселелерді талқыладық. Оқушылармен де сөйлестім. ҰБТ-ға дайындық, мамандық таңдау, кітап оқу, дебат қозғалысы және мектеп парламенттері тақырыптарында әңгімелестік.
 
Мектеп кітапханасының жұмысы лайықты деңгейде емес. Кітапханашы көркем әдебиеттер жеткіліксіз мөлшерде сатып алынатынын айтты.
Алайда бұған дейін білім басқармалары жыл сайын кітап қоры толықтырылатыны туралы есеп берген еді. «Оқуға құштар мектеп» жобасы тиісті деңгейде жүзеге асырылмай жатыр.
 
Облыстың білім басқармасы басшылығына барлық ескертуді жою тапсырылды.
 
Облыстың бөлінуіне байланысты мектептердің жөндеу жұмыстары мен материалдық-техникалық жабдықталу мәселелері шешімін табатынына сенемін. Облыс басшылығының барлық түйіткілді мәселені шешу бойынша нақты көзқарасы бар екені байқалады.
 
Сонымен бірге Абай облысындағы мектептер құрылысының дайындық жұмыстарымен таныстым. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 12 мыңға жуық оқушыға есептелген 11 мектеп (6 мектеп Семей қаласында және 5-еуі ауылда) салу жоспарланып отыр.
 
Қазір әкімдік бұл бағыттағы жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастырды. Бұл инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мәселелері, бастапқы рұқсаттарды бекіту және т.б.
 

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки